Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2 есе өседі
Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2 есе өседі және жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі.
Бұл туралы ел Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.
«Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі», - деді А. Мамин.
Бұдан бөлек жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады.