Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы 2 есе көбейеді
Қазақстанда ЖОО-да білім алатын студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде айтқан.
«2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз», - деген ҚР Президенті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев студенттерге материалдық қолау көрсету ісі жалғаса беретінін баса айтып, «Студенттер шәкіртақысы - 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы - 1,5 есе көбейеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады», - деген.