Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттады
Қазақстанда 2023 жылдың сәуірінде наурыз айымен салыстырғанда ұшақ билеттерінің бағасы 17,7 пайызға қымбаттаған.
Turkystan.kz сайтының мәліметінше, әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 1 тоқсанда 151 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
Портал дерегінше, көрші елде ең көп әуе тасымалы Алматы қаласына жасалған болып, бірінші тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған. Сондай-ақ Астанаға 722 мың жолаушы ұшқан. Үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы екені айтылады (268 мың жолаушы).
2023 жылғы қаңтар-наурызда әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 000 адамды құраған. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,5 пайызға өскен. Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 5 513,6 млн п-км құрады, делінген хабарламада.