French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда самокат жүргізушілеріне талап күшейтіледі
14:31 / 2023-05-10

Қазақстанда самокат жүргізушілеріне деген талап күшейтіледі.

Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, елдің Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов электр самокат тебетіндер үшін жаңа ережелер дайындалып жатқанын мәлімдеді.

«Бұл заң жобасы әлі де қаралып жатыр. Осы құжат депутаттардың ұсынысы бойынша енгізілді. Заң жобасы аясында самокатпен жолда жүру тәртібі реттелмек. Мәселен, жолдың оң жақ шеткі бөлігінде 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ басына тиісті шлем киген адамдарға жүруге рұқсат берілмек», – деген М. Ахметжанов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жаяу жүргіншілер жолағында самокатпен жүрсе, онда жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі.