Қазақстанда рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады
Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге шектеу қойылады,
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында айтылған.
«Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.
Осы шектеудің орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.