Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда ревакцинация процесінде «Pfizer» вакцинасы қолданылады
14:12 / 2021-12-14

Қазақстанда ревакцинация процесінде «Pfizer» вакцинасының бір компоненті салынады.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой былай деген: 

«Өзге вакциналар ақылы режимде пайда болғаннан кейін мұндай мүмкіндік болады. Азаматтардың өздері қабылдаған шешімі негізінде бір немесе екі вакцина алуға мүмкіндік жасаймыз. Дегенмен, ревакцинация кезінде бір доза, яғни үшінші компонент алуға кеңес беріледі», - деді Алексей Цой Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол ата-аналардың келісімі болған кезде 12 жасқа дейінгі балалардың вакцина алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдіріп: «Қазіргі уақытта Қазақстанда оған тыйым салынған. Себебі, өндірушілерден нақты ұсыныс қолымызда жоқ. Қазіргі уақытта өндірушінің нұсқаулығына сәйкес 12 жастан бастап вакцина салдыруға кеңес беріледі», - деген Денсаулық сақтау министрі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентімен 188 906 адам вакцина алған. Оның ішінде 150 669 жасөспірім мен 38 237 жүкті және бала емізетін әйел бар. Екінші компонентпен 19 386 адам вакциналанды.