French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда қосымша карантин шаралары енгізілді
09:32 / 2022-01-14

Қазақстан Республикасында «омикрон» жаңа штамының таралуына, сондай-ақ КВИ сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты коронавирус инфекциясына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасымен 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап қосымша алдын алу шаралары енгізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен сауда орталықтары, сауда үйлері және сауда желілерінен басқа, жұмыс және демалыс күндері спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, бассейндер, сауналар, моншаларға (вакцинацияның, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз кіру үшін «жасыл» қауіпсіз мәртебесі болуы тиіс.

Қабылданған шаралар Омикрон коронавирусының таралу және берілу жылдамдығының жоғары деңгейіне байланысты негізделгендігі айтылған хабарламада.

Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. Соңғы тәулік бойынша республикада КВИ+ бойынша 9122 жағдай тіркелді.