Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда қауіпсіз жерге көшірілгендер саны 111 мыңнан асты
15:07 / 2024-04-15

Қазақстанда аумағындағы су тасқынына байланысты 111 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

KAZINFORM мәліметінше бұл туралы ,ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш тасқын салдарынан үйін тастап шыққан 11 950 адамның баспанасына қайтқанын айтты. 

«Су тасқыны басталғаннан бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналасқан. 11 950 адам үйіне оралды», - деді ол.

Ерасыл Сайпаштың сөзінше, 9 млн 500 мыңнан астам текше метр қар суы сорып шығарылған. 

«Сондай-ақ, 2 млн 200 мың қап, 1 млн 200 тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық құтқару жұмыстарында 33 334 адам, 4 066 техника, оның ішінде 835 су соратын құрал, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмыс істеп жатыр», - деді ТЖМ өкілі.