Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда парламент спикері ауысты
14:07 / 2022-02-01

Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа Төрағасы болды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлап, «Президент жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды», деп жазды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарынша, Ерлан Жақанұлы 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Ерлан Жақанұлы 1988 жылдан 2019 жыылға дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Ал 2019 жылдан бері ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарып келген.

«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерейтойлық медальдарымен марапатталған.