Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда парламент сайлауларының алдын-ала нәтижесі жарияланды
00:02 / 2021-01-12

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жариялады.

«ҚазАқпарат» агенттігінің Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегіне сүйене таратқан хабарында, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, «Nur Otan» партиясы 71,09%, «ADAL» саяси партиясы 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 және «Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинаған.

Бұған дейінгі жарияланған Еxit poll нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген болатын.