Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жарияланды
15:58 / 2024-08-13

«Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері Қазақстанда онлайн-кредитке тыйым салуды сұрайды.

KAZINFORM мәліметінше, петиция epetition.kz сайтында жарияланған.

Петиция авторларының пікірінше, қазақстандықтар қаржылық қызметтерді цифрландырудың мұндай түріне әлі дайын емес.

«Онлайн несиелердің оңай қол жетімділігі халықтың осал топтары арасында қарыз жүктемесінің өсуіне және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен ашық айқын емес несие шарттары көбінесе адамдарды қарызға батырады. Қарыз шұңқырына түсуден бөлек, онлайн-несие алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қарызды өтеу жолдарымен байланысты қылмыстардың көбеюіне алып келеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, петиция түсіндірмесінде әскери қызмет жағдайында онлайн кредит мәжбүрлеу және қаржылық зорлық-зомбылық көрсету құралына айналатыны айтылған.

Авторлар онлайн-кредиттер беруге тыйым салуды ғана емес, сонымен қатар микрокредиттер беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтуді талап етеді.