Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда «Nur Otan» партиясының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды
14:31 / 2022-03-01

Қазақстанда «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бүгінгі «Nur Otan» партиясының кезектен тыс өткен съезі барысында партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуге қолдау білдірген.

Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елдегі ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтып: «Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», - деген партияның атқарушы хатшысы.

Осыдан кейін делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданған.