Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды
Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды.
Елдің ҰҚҚ-нің хабарлауынша, 2022 жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175 бабы 1 тармағымен, мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы К.К. Мәсімов және басқа тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, делінген хабарламада.