Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда «Linkedin» интернет-ресурсына қолжетімділік қалпына келтірілді
13:05 / 2021-07-29

Қазақстанда «Linkedin» интернет-ресурсы қайта қалпына келтірілді. Ол бұған дейін бұғатталған еді.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі linkedin.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша «Linkedin» компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген.

«Linkedin» сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады.

Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен linkedin.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.

«Linkedin» компаниясының өкілдерімен өзара сындарлы диалог құрып, қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан ары жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді, делінген хабарламада.