Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 2,5 миллионнан астам адам салдырды
2021 жыл 14 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 2 506 157 адам салдырған.
Елдегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарына сілтеме жасай мәлімдеген «ҚазАқпарат» агенттігінің дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда вакцинаның II компонентін 1 384 029 адам қабылдаған.
Вакцинация бойынша нақты деректі төмендегі кестеден көруге болады:
