Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау үш кезеңде жүргізіледі
00:59 / 2021-01-26

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау шаралары үш кезеңде жүргізілетін болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтің жоқтығынан, бұл жастағыларға екпе салынбайды.

Вакцинациялау процесі:

  • 1 ақпанда басталатын  бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады.
  • 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлері.
  • 1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар егу салдырады.

Иммундау алдында:

- егу салдыратын адамға профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен кері әсері, сондай-ақ егуден бас тарту салдары туралы толық ақпарат беріледі;

-ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту қағазы ресімделеді (ҚР ДСМ 13.06.2018 ж. № 361 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» БК 1-қосымшасына сәйкес).

- әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес егілгендерге сауалнама жүргізіледі.

Әйелдерге вакцина салмас бұрын жүкті емес пе, бала емізбей ме, соны анықтау қажет (күмәнді жағдайда жүктілікке тест пайдалануды және/немесе вакцинациялау мерзімін ауыстыруды ұсыну).

Сонымен қатар, вакцинацияның қауіпсіз екенін ескерген дұрыс. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Вакцина нарыққа түскенен кейін де үнемі бақылауда болады, делінген хабарламада.