Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияның мерзімі белгілі болды
14:52 / 2021-08-10

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қайталап егудің мерзімін атады.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында Coronavirus2020.kz Telegram-каналындағы видеода жарияланған. 

Онда, «Бізде ревакциналау жоспарланып отыр. Қазіргі кезде тиісті қадамдарды айқындап жатырмыз. Ревакцинацияның екі түрі болады. Ұжымдық иммунитетті жалпы 60-70 пайызға жеткізгенге дейінгі шұғыл екпе бар. Сонымен қатар, жоспарлы ревакцинация ескерілген. Ол жылына бір рет болады. Қазіргі кезде біз мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі Қазақстанда вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Адамдардың басым бөлігі маусым-шілде кезеңінде екпе алды. Осы орайда олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң шамамен 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі. Қазіргі кезде әріптестермен осы мәселені қарастырып отырмыз», - деген А. Цой.

Оның айтуынша, қайталап екпе жасау тақырыбын бірінші кезекте өткен жылы вакцина жүргізген АҚШ, Израиль, Ресей көтере бастады. Бұл елдерде бірінші вакцина салынғаннан бері 9 айдан астам уақыт өтіп кетті. 

«Біз үшін ревакцинация қазан айына қарай өзекті болады. Яғни, ақпан айының басында бірінші екпені алған біздің азаматтарға қатысты аталған мерзім жеткілікті болады. Сондықтан бұл қадамдар анықталып жатыр, оларды нормативтік тұрғыда бекітеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тағы да консультация жүргіземіз», - деген министр.