Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді
09:08 / 2021-09-14

Қазақстанда коронавирус инфекциясының өсімі 35 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген.

«Әлемде COVID-19-пен науқастану және одан өлім-жітімге қатысты ахуал әлі де құбылмалы болып тұр. Әлемде жалпы КВИ-дің 244 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Күн сайын 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,6 млн-нан астам адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірі мәліметтеріне сәйкес, соңғы 2 аптада 54 елдің 26-сында аурудың өсімі байқалады», - деді министр.

Оның атап өтуіншше, соңғы 7 күнде коронавирустың ең жоғары өсімі Мажарстанда 100 пайыз, Украина, Польша, Молдовада 60-80 пайыз, Аустрия, Германия, Беларусьте 30-50 пайыз, Черногория, Армения және Израильде 8-20 пайыз болған. Ал Испанияда ауру өсімі 60, Францияда 40, Грузияда 39, Әзербайжанда 16, Италияда 13, Швейцарияда 12, Ресейде 9 пайызға төмендеген.

«Қазақстанда ауру өсімі соңғы 2 аптада 35 пайызға төмендеді», - деді Алексей Цой. 

Соңғы аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеп, аптасына 31 мың жағдайдан 25 мыңға дейін қысқарғаны айтылады «ҚазАқпарат» хабарында.