Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі
09:24 / 2021-08-25

2021 жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, 25 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен. 

Комиссия отырысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шараларды бекіткені айтылады.

  1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі: 

Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін; 

сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.

      2. Ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері: 

Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды. 

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантин шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралған. 

Премьер-Министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді: 

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау; 
  • санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету; 
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында Ashyq жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету; 
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; 
  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.