Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды
10:30 / 2021-05-08

Қазақстанда биыл Жеңіс күніне орай мерекелік шаралар өтпейді. Бұл күнге арналған дәстүрлі мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылған.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлап, «Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді» делінген хабарламада. 

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайтыны хабарланған болатын.