Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Бұл туралы Кazinform хабарлап, Қазақстан Президентінің Өкімін жариялады.
«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.
Еске салайық, 28 қазан күні түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болды. соңғы мәлімет бойынша 36 кеншінің денесі табылып,10 адам іздестіріліп жатыр.
Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 28 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Қарағанды облысындағы шахтада болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.