Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті
14:48 / 2022-12-12

Қазақстан Республикасында инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеген.

«Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес.

11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр»,-деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек Тоқаев тағам өнімдерінің қымбаттауына байланысты халықтың әл-ауқатын жақсарту керектігіне тоқталған.

«Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр.

Қазақстанда қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек», - деген ол.