Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда екпе салдырғандар саны 9,5 миллионнан асты
15:01 / 2022-08-16

15 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 572 613 адам, екінші компонентін 9 351 702 адам салдырған.

«ҚазАқпарат» агенттігі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сүйене таратқан хабарында, Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 237 224 тұрғын, екінші дозасымен 1 193 477 азамат қабылдағаны айтылған.

Оның ішінде, бірінші компонентін жасөспірімдердің 873 431-і, жүкті әйелдердің 41 579-ы, бала емізетін аналардың 145 345-і қабылдаған. Ал екінші компанентімен жасөспірімдердің 857 195-і, жүкті әйелдердің 39 335-і, бала емізетін аналардың 141 661-і егілді.