Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда цифрлық теңге 2025 жылда толықтай енгізіледі
09:57 / 2024-01-20

2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда цифрлық теңгені толықтай енгізу жоспарланып отыр.

KAZINFORM хабарлауынша, атаулы жобаны іске асыруға қанша қаржы жұмсалатыны жайлы сауалға ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берген. 

«Өткен жылдың желтоқсанында бірнеше ондаған мың транзакция жасалды. Пилоттық режимнен өтіп, цифрлық теңгені толық айналымға енгізу үшін үйреніп, тәжірибе жинап, қателіктерді ескеріп жатырмыз. Қаржыға келсек, бізде цифрлық теңгені енгізуге арнайы ақша қарастырылмаған, - деген Тимур Сүлейменов банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, пилоттық жобаға 4 банк қатысып жатыр. Сондай-ақ Т. Сүлейменов жалпы төлем жүйесімен Ұлттық төлем корпорациясы айналысатынын мәлімдеген.

«Біз қаржыландырамыз, бірақ белгілі бір бөлігін корпорация өз есебінен өтейді. Цифрлық теңгеге қосымша ақша бөлген жоқпыз. Бұл корпорацияның коммерциялық шаруашылық қызметінің шеңберінде», - деген Ұлттық банк басшысы.