English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда Chevrolet Cobalt маркалы автокөлік сұранысқа ие
10:21 / 2023-07-25

Қазақстанда жаңа автокөліктердің ең танымал брендтерін отандық Chevrolet және Hyundai зауыттары шығарады.

ҚазАқпарат дерегінше, аталған маркалардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан көбін құрайды, сәйкесінше 17,6 мың және 17,4 мың. Қазақстанда құрастырылған брендтің сатылымы бойынша алғашқы үштікті Kia түйіндейді: бес айда – 9,9 мың жаңа көлік.

Сондай-ақ биыл ең танымал брендтердің ондығына бірден 5 қытайлық көлік енген: Chery (3,4 мың автокөлік), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сондай-ақ сатылымдардың басында Toyota (3,2 мың автокөлік) мен Lexus (1,4 мың) тұр.

Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар арасында танымал автокөлік модельдері Chevrolet Cobalt (2,3 мың жаңа көлік сатылды), Hyundai Tucson (1,1 мың) және Kia Sportage (1,1 мың) болған.