Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда бұрынғы ішкі істер министрі ұсталды
11:16 / 2024-04-30

Қазақстан Бас прокуратурасы бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

«Биылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, онда мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелгені айтылған.