English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда бүгін Республика күні аталып өтуде
09:39 / 2022-10-25

Бүгін 25 қазан Қазақстан халқы ұлттық мереке – Республика күнін атап өтуде.

Атаулы күнді мерекелік дата қатарына қосу және ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға  Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 25 қыркүйегінде қол қойған болатын.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізілді.

1990 жылдың 25 қазаны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды.

Осы мерейлі датаға орай бүгін Қазақстан аумағында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.