Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда бүгін президент сайлауы алдындағы тыныштық күні
10:58 / 2022-11-19

Қазақстанда 19 қараша жегілікті уақық сағат 00-00-де кезектен тыс президент сайлауы алдындағы «тыныштық күні» басталды. Яғни, президент сайлауына қатысты кез келген үгіт жұмысына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабына сәйкес, сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады. Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді, делінген «ҚазАқпарат» агенттігі хабарында.

Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін басталып, 2022 жылғы 21 қазаннан 19 қараша сағат 00-00-ге дейін жалғасты. Бұл процеске берілген 28 күн түгесілген шақта, яғни 19 қараша күні сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін «тыныштық күні» жарияланды.

Дауыс беру елдің сайлау учаскелерінің негізгі бөлігінде 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін жалғасады. 

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы сайлаушыларының тізіліміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азаматты енгізген. Олар республика аумағында орналасқан 10 101 сайлау учаскесінде дауыс береді. Сонымен қатар 53 шет мемлекеттегі 68 учаскеде 12 527 Қазақстан азаматы дауыс береді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенттігіне алты азамат үміткер ретінде тіркелген

Олар:

1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті. Оның кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынған.

2. Мейрам Зекешұлы Қажыкен – «Заманауи қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры. Оның канидатурасын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

3. Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев – «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті. Оның кандидатурасын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынды.

4. Қарақат Жақсылыққызы Әбден – Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. Оның кандидатурасын «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

5. Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының негізін қалаушы. Оның канидатурасын «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

6. Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы. Оның кандидатурасын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған.