Қазақстанда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады
Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшақ Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады.
KAZINFORM дерегінше, ұшақ Бакуден Грозныйға бағыт алған.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы оқиға орнына жеткен.
«Ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар», делінген хабарламада.
Flightradar қызметінің деректеріне сәйкес, апат алдында ұшақ әуежай үстінде айналып жүрген.