French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда алғашқы АЭС салатын өңір белгілі болды
15:10 / 2025-02-25

Қазақстанда алғашқы Атом электр станциясы Алматы облысында салынады.

KAZINFORM мәліметінше, Үкімет басшысы Олжас Бектенов алғашқы атом электр стансасын салатын өңір туралы қаулыға қол қойды.

- Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы 5-бабының 2-тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын, - делінген қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күні, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.