Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді
11:20 / 2023-09-02

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн боларын мәлімдеді.

«ҚазАқпарат» мәліметінше, Ол бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған.

«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Семей полигоны ел халқына қаншама қасірет әкелгенін ескере, олардың күдігін түсінуге болатындығын баса айтқан.

«Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», - деген Ол.

АЭС құрылысына қатысты елдің Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев нысан салынғанға дейінгі аралыққа орташа есеппен 15 жыл кететінін, сонымен қатар Қазақстанда энергетиканы дамытуға қатысты нақты жоспардың бар екендігін атап өткен.