English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда 99 127 адам қауіпсіз жерге көшірілді
12:10 / 2024-04-12

Қазақстанда аумағындағы су тасқынына байланысты 99 127 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

KAZINFORM дерегінше, бұл туралы елдің Төтенше жаңдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты хабарлады. 

Азаматтық қорғау қызметтері 99 127 адамды, оның ішінде 36 365 баланы эвакуациялаған. 

«Уақытша орналастыру пункттерінде 6 516 адам, оның ішінде 3 167 бала бар. 8,9 млн м3 еріген қар суы сорылды. 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 2983 тұрғын үй мен 1 868 аула аумағынан су бұрылды», делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылған.