Қазақстанда 7,5 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді
1 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 300 105 адам егілді, II компонентті 7 500 328 адам салдырды.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, ел өңірлер арасында коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр – 940 372.
Одан кейін Түркістан облысы – 882 551, Шығыс Қазақстан облысы – 786 646, Алматы облысы - 733 491, Шымкент қаласы - 515 772 және Қарағанды облысы 503 664 орналасқан.