Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери парад болмайды
13:18 / 2021-04-14

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Отан қорғаушы және Жеңіс күндеріне арналған әскери шеру коронавирус бойынша эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты өпейтін болды. Сонымен қатар ведомствода іс-шараларға байланысты нақты жоспар бекітілмегенін айтты, делінген «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарында.

Қазақстанда пандемияға байланысты әскери шеру өткен жылы да өтпеген болатын.