Қазақстанда 4 облыс пен 1 қала «қызыл» аймаққа енген
Қазақстан Республикасында 4 облыс пен 1 қала «қызыл» аймаққа енді.
Сoronavirus2020.kz ресми ақпарат арнасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасындағы мәліметке сай, Қазақстанның Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстары енген болса, қалған өңірлер коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта орналасқан.

Жалпы статистика бойынша Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймақта тұр.
Соңғы тәулікте Қазақстанда 1003 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болған және 468 науқас емделіп шыққан.
Қазіргі уақытта елдегі жалпы індет анықталғандар саны 169 099-ға жеткен. Одан 153 503-і сауыққан болса, 2349 кісі өлімі тіркелген.