Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда 22 қарашада ревакцинация басталады
09:27 / 2021-11-10

Қазақстанда 22 қарашада ревакцинация басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Республика халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакцинациялау тәсілдері баяндалған болатын. Ревакцинация 22 қарашада 2 кезеңмен басталады, - деген министр.

Оның атап өтуінше, ең алдымен халықтың тәуекел тобына кіретіндер ревакцинациядан өтеді. «Бірінші кезекте тәуекел тобына кірген адамдар екпе алғандығын, бірінші вакцинация мерзімін ескере отырып, осы жылдың соңына дейін халықтың әлжуаз тобы ревакцинациядан өтеді. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері», - деген Алексей Цой.