Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда 2028 жылға қарай 3 газ өңдеу зауыты салынады
10:04 / 2023-07-28

2028 жылға қарай Қазақстан жерінде 3 газ өңдеу зауыты салынады.

ҚазАқпарат дерегінше, бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

«Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Айтуынша, бұған қоса Қашаған кен орнының базасында Қашаған жобасының акционерімен және операторымен (NCOC) қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысының жобасы жүзеге асырылуда. Зауыт 2028 жылы іске қосылады.

«Мұнан бөлек, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» «PSA» ЖШС өкілетті органымен бірге 2028 жылы қуаты 4 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауыты бар Газ стратегиясын жүзеге асыру жол картасын әзірледі», - деген Премьер-Министр.