Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин шектеуі жеңілдейтін болды
09:29 / 2021-10-19

2021 жылдың 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шектеуі жеңілдейтін болды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейтінін айтты.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын, сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның вакцинацияға жататын контингенттің 70%-дан астамын екпемен қамтығанын ескере отырып, 2021 жылғы 20 қазаннан бастап мынадай шараларға рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға арналатынын ескертті. «Олардың толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес, «сары аймақта» 70 адамнан артық емес, «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 05:00-ге дейін, «сары аймақта» сағат 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03:00-ге дейін ұзартылады», - деген министр.