Қазақстанда 10 мың доллардан асатын қолма-қол валюта мен алтынды шетелге шығаруға тыйым салынды
Қазақстан президенті 10 мың доллардан асатын қолма-қол валюта мен алтынды шетелге шығаруға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.
Ақорда сайтындағы хабарламаға сай, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мынадай жарлыққ қол қойған:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын, делінген хабарламада.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.