Қазақстан жасанды интеллектіге дайындық рейтингінде 4 сатыға төмендеді
Ұлыбританиядағы Oxford Insights талдау және консалтинг компаниясы әлемдегі 188 мемлекеттің жасанды интеллектіні дамытып, пайдалануға дайындық индексін жариялады. Индекс 2024 жылғы көрсеткіштер негізінде түзілген.
KAZINFORM дерегінше, Қазақстан бұл рейтингте 51,41 балмен 76 орынға түсті.
«Түсті дейтініміз, 2023 жылдың көрсеткіші бойынша Қазақстан 72 орында болған еді. Алайда ол кезде индекстік мәні 48,56 балл болған. Бұдан Қазақстан өз көрсеткішін біртіндеп жақсартып жатқанда қалған елдер әлдеқайда қарқынды серпіліс жасағанын көреміз», делінген хабарламада.
Рейтинг авторлары мемлекеттердің дайындығын бағалау үшін мемлекеттік басқару, технологиялық мүмкіндік, инфрақұрылым сияқты үш бағытқа бөлінген 40 көрсеткішті қолданады.
Қазақстан мемлекеттік басқару көрсеткіштері бойынша 54,75 балл (2023 жылы — 48,56), технологиялық мүмкіндік бойынша 33,54 балл (30,97); инфрақұрылым бойынша 65,93 балл (66,13) алған.