Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Тәуелсіздік күні мейрамын атап өтуде
10:13 / 2023-12-16

Бүгін - 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздік алғанына 32 жыл толды.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Дегенмен, бұдан Тәуелсіздік күнінің рөлі аласармайды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланды.

Сол күннен бастап Қазақ елі осы күнді ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі ең жоғары мереке ретінде тойлайтын болғандықтан күнтізбеде атаулы күн демалыс болып, елдің түкпір-түкпірінде әр түрлі көңіл көтеретін мерекелік шаралар өтіп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.