Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының төрағалығын қолға алды
17:13 / 2023-11-03

Қазақстан астанасы Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтті.

Kazinform мәліметінше, Ақордада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде ұйымға төрағалық Қазақстанға табысталды.

«Өзбекстан өзара ықпалдастыққа тың серпін беру үшін белсенді жұмыс жүргізді. Шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан төрағалық тізгінін ресми түрде өз қолына алды. Бұл зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Біздің еліміз ұйымды одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салады», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжанның Нахшыван қаласында құрылған болатын. 2022 жылдың желтоқсанында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 9-саммитінде ұйымға төрағалық Түркиядан Өзбекстанға берілген еді.