French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан: Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 мыңнан асты
11:10 / 2024-04-18

Қазақстан аумағындағы су тасқынына байланысты 117 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

KAZINFORM мәліметінше бұл туралы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрліктің сағат 00:00-дегі ақпаратына сай, елдегі су тасқыны кезінде құтқарылған адам саны 117 617-ге жеткен. 

«Азаматтық қорғау қызметтері 117 617 адамды, оның ішінде 43 887 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18 651 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала бар» делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылып, 3,1 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселген. 4 134 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылған.

Зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.