Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан СІМ: Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады
09:53 / 2023-08-08

Қазақстанда Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Талибан» ұйымына қатысты Қазақстанның позициясы туралы айтты,

«ҚазАқпарат» дерегінше, «Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады. Қазақстан мен Ауғанстан арасында өндірушілер мен экспортттаушыларға тиімді экономикалық қарым-қатынастар ғана бар», - деген ресми өкіл министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, «Талибан» экстремистік ұйымының қызметіне Қазақстанда тыйым салынған.

Сонымен бірге А. Смадияров жақында өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумын еске салған.

«Онда негізінен бизнесмендер келіп қатысты. Сауда министрлігі хабарлағандай, көптеген келісімшарттар бекітіліп, үшкүндік жәрмеңке өтті», - деген спикер.