French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан СІМ басшысы Ресейдің Донецк пен Луганскіні тұрақтандыру шешіміне пікір білдірді
10:05 / 2022-02-22

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Донецк пен Луганскіні тұрақтандыру шешіміне пікір білдірді.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, министрі бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген: «Кеше Ресей Донецк және Луганск Халық Республикаларын тұрақтандыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Сондықтан қазіргі жағдай өте күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы талқылану үстінде», - деген ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстанның күн тәртібінде аталған екі республиканы мойындау мәселесі тұрған жоқ. 

«Біз халықаралық құқықты және БҰҰ ұстанымын ұстанамыз», -деді министр. 

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің «Ресей өтініш білдірсе Қазақстан Донецк пен Луганскге өз әскерін жібере ме?» деген сауалына да жауап берді. 

«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Оған Қазақстан мүше. Бірақ, бұл ұйымның ол жаққа әскер жіберуге құқы жоқ», - деген Мұхтар Тілеуберді.