Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан әскери өнімдерді экспорттауды тоқтатты
11:05 / 2022-08-28

Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтатты.

Ел үкіметінің Telegram парақшасындағы ақпартқа сай, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Оған қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қарап, комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдаған.

Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды, денген ақпаратта.