Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ташкентке ресми сапармен келді
2021 жылы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанға ресми сапармен келді.
Ташкенттегі Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты Төрағасының Бірінші орынбасары Садик Сафаев, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатибалды және басқа лауазымды кісілер күтіп алды.
Бұған дейін, осы сапар аясында «Олий Мажлис» Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева мен Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмаилов ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу өткізеді және Тимурилер тарихының мемлекеттік музейі, «Хазрет Имам», «Шейх Хованди Тохур», «Төле би» кесенесіне, Ташкенттегі Технопаркке бару мен баспасөз конференциясын өткізу жоспарланғаны хабарланған еді.