Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты
Қазақстан ресейлік «СБЕР» платформасынан бас тартты.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин мәлімдеген.
«Қазіргі геосаяси ахуалды, сонымен қатар өзге де тәжірибелерімізді саралай келе өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ымен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл соңына дейін бірінші сервистер дайын болады. Жобаға 2-3 жылда көшеміз», - дегені ол.
Сонымен қатар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік СБЕР тобымен электронды платформаны жүзеге асыруға қатысты ешқандай заңды қатынас жоқ екенін мәлімдеген.