Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы  18 жылға бас бостандығынан айырылды
01:08 / 2023-04-25

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, сот оның мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған. Бұдан бөлек мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар өндірілген.

Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Портал дерегінше, оның үш орынбасары – Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Өсіпов 3 жылға сотталды.