Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға ниетті емес
15:48 / 2023-05-26

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласында өткен ІІ Еуразиялық экономикалық форум асында қазіргі сарапшылар қауымдастығы кеңінен талқыға салып жатқан бірқатар мәлімдеме жасады.

Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай осы жиындағы айтылған мәселеге қатысты бірнеше маңызды мәселеге назар аударып, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба қалдырған.

«ЕАЭО аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – Президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді.

Президент атап өткендей, экономикалық интеграция, бұл – түпкі мақсат емес, ол экономиканы дамытудың және халықтарымыздың әл-ауқатын арттырудың негізгі құралдарының бірі. Яғни, ұйым аясында қабылданатын кез келген шешім оның әрбір мүшесіне және ең алдымен, олардың азаматтарына пайдасын тигізуі тиіс.

Сонымен қатар түрлі деңгейдегі интеграция мәселесі қозғалды. Бүгінде ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты. Бұл – ерекше прецедент. Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды.

Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ», деп жазған Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы.